• тамыз 12, 2017

Ерлі-зайыптылардың есте қалар қалжыңдары

Ерлі-зайыптылардың есте қалар қалжыңдары

Сән үлгiсi жайлы журналды оқып отырған әйелi күйеуiне:

— Жаным, биыл түймесiз костюммен жүру сәнге айналады екен.
— Жақсы болған екен, демек, мен саған үйленгелi 15 жыл бойы сәндi киiнген екенмiн ғой...
*********
Бiр әйел көрiпкелге келiп:
— Бес жыл бұрын сiз маған «күйеуiңiз және бес балаңыз болады» деп едiңiз, - дейді.
— Иә, қалай болды?
— Солай болды, бес бала таптым.
— Айтқаным айдай келiптi ғой. Ендi не дейсiң?
— Бәрi дұрыс қой. Бiрақ күйеуiм қашан болады?
**************

Ертеде Сәукен дейтiн бiр азамат серiлiк құрып жұмыстан үйге ылғи кешiгiп, кейде қона-жатып келедi екен. Әйелi әрi ренжидi, берi ренжидi. Анау мұны құлағына да қыстырмайды. Сосын «жөндесе осы жөндер» деп оның бiр қылығын Сабат деген құрдасына айтады. Ол мұны тыңдап болып:
— Өй, оған несiне ренжисiң? Ер адам аңшы сияқты ғой. Бiр күнi оғы таусылғанда өзi-ақ келедi, - дептi. Сонда әйел қарап отырмай:
— Ондай оғы таусылған аңшы бiзге не керек, – деген екен.
*************
— Құрбым, сенiң күйеуiңнiң кешке үйге келмей қалатын күнi болды ма?
— Тек бiр-ақ рет, үйленгеннен кейiн бiр айдан соң келмей қалды. Бiрақ мен әлi де келедi деген үмiттемiн.
******
Әйелi күйеуiне:
— Бiздiң телефонға не болған? Әлгiнде Сәулемен сөйлесiп едiм, бiр сөзiн де түсiнбедiм, - десе керек.
Сонда күйеуi:
— Екеуiң кезек-кезек сөйлесеңдер, түсiнер едiңдер ғой, - дептi.
*************
Әйелi күйеуi отырған бөлмеге кiрiп, тiл қатады:
— Әкесi, қоқысты төгiп келсеңшi!
— Түүүу, бір тыныштық бермейсің. Отырғаным осы жаңа ғой!
— Оған дейiн не iстеп едiң?
— Жатып демалдым емес пе!
*************
Әйелдің жан айқайы:
— Мен қырық жасқа келгенiмдi мойындамаймын! Мен 22 жылдық тәжiрибесi бар 18 жастағы бикешпiн!
***********
Әйел күйеуінен:
— Мен ұрыса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересiң ұрыстың кәйпін құртып? - деп сұраса, күйеуi:
— Қымбаттым, кiм бiрiншi тоқтайды екен, сен бе әлде сағат па деп қараймын, - деп әзiлдей жауап берiптi.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика