• шілде 12, 2017

Баланы тазалыққа үйретуді қолды жуудан бастау керек

Баланы тазалыққа үйретуді қолды жуудан бастау керек

Балаға қол гигиенасын кішкентай күнінен бастау керек, оның бұл тазалығы денсаулығының кепілі бола алады. Себебі, көп жағдайда қолдың таза болмауынан ауру туындап, бала науқастанып қалуы мүмкін. Кішкентайлардың қолын жумастан дастарханға отыра салу да қалыпты жадай. Бірақ, соған қарамастан оны ерте бастан қолды тазалап жууға үйретіп, тамақ жеуден алдын міндетті түрде бұл істің әдетке айналғанын қадағалап отырған жөн. Егер де қолды осылайша сабынмен жуып немесе ылғалды сулықпен сүртіп жүретін болса көптеген аурулардан сақтанып, алдын алуа болады. Сонымен қатар, балабақша мен мектеп секілді қоғамдық орындарда қол тазалығына мұқият болуды үйрету керек.

Балаға қолдың тазалығын сақтауды ата-анасы үйретеді. Оның қолын дұрыс жууы үшін оған қолды қалай жуу керектрігін көрсетіп, түсіндіріп отырыңыз.

Алдымен, жеңді қайырып, қолды сулап алған соң, сабынды алып қолымызды сабындаймыз да көпіршітіп жуамыз. Сондай-ақ саусақтардың арасы да қалып кетпеуі үшін бір-біріне үйкеп, араларын мұқият тазалап жуамыз. Соңынан қолды жақсылап шайып алған соң, орамалмен құрғатып сүртеміз.

Қолды жуп жатқан кезде ата-ана неліктен бұлай жасап жатқанын сөзбен айтып, баланың есінде қалатындай үйретуі тиіс.

Қол жуар алдында балаға жағымсыз сөздер айтып шошытудың қажеті жоқ. Мысалы «қолыңды жумасаң ауырып қаласың» немесе басқа да қолды жумағаннан туындайтын келеңсіз жағдайларды балаға айтпай-ақ қойғаныңыз абзал. Оның орнына қолды жуудың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екендігін айтып, оны қуантып қойғаныңыз құптарлық іс. Үстіндегі киімін таза кию мен күнделікті тамақтану қандай маңызды шаруа болса, қол жуу да бала үшін сондай маңызға ие болуы керек. Оның үстіне кір-қожалақ болып жүргеннің сүйкімсіз көрінетінін де тілге тиек еткен артықтық етпейді.

Қолды не үшін жуу керек?

Балаңызға қолды не үшін жуу керектігін айтудан жалықпаңыз. Оның еріншектікке салынуына жол бермеңіз. Дегенмен, тым қатал болудың да жөні жоқ. Өзіңізді барынша сабырлы ұстап, қол жууды бала тілімен түсінікті етіп жеткізіңіз.

- Тамақ ішерден бұрын;

- Дәретханаға барып келгеннен соң;

- Ойнап келген соң немесе серуендеп келгеннен кейін;

- Жан-жануарларды ұстағаннан соң;

- Түшкірген кезде және науқас адаммен қарым-қатынаста болғанынан кейін;

- Қоғамдық көлікке мінгеннен кейін қолын жууды мұқият қадағалаңыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика