• шілде 12, 2017

Балаңызды тосын жағдайлардан қорғаңыз!

Балаңызды тосын жағдайлардан қорғаңыз!

Баланың аты - бала. Жетіге келгенше жерден таяқ жеп, көп ұрынатын баланың қауіпсіздігі үшін қай ата-ананың жүрегі ауырмасын?! Жазым деген аяқ астында, абай болмаса, іс-қимылы жылдам баланың соқтықпайтыны жоқ. Күні бойы үйде болсаңыз да бала қауіпсіздігіне арналған бірнеше кеңесті назарда ұстауға тиіссіз. Әйтпесе...

Әйтпесе, өкінішті жағдайға ұласары анық. Ал оны ешкім де қаламайды.


Ас үйдегі плита

Барлық табалардың тұтқаларын плитаның артқы жағына қарай бұрып қойыңыз.

Плитаны қосқанда шамын жағып қойыңыз және баланы да осыған сендіріңіз. Қосылған шамды қолмен ұстауға болмайтындығын ескертіңіз. Плита суымайынша шамды өшірмеңіз.

Плитаның тұтқасын алып тастаңыз, егер жасай алсаңыз оны бала өзі бұрамау үшін желімтек лентамен жауып тастаңыз.

Балалардың көзінше тамақты дайындағанда ылғи да таймерді қолданыңыз. Балалар көңіліңізді аударып, сіз ұмытып кетуіңіз мүмкін. Нәтижесінде ас күйіп кетеді, өрт шығып кету қауіпі бар.

Жуынатын бөлмеде

Балалар жуынатын бөлмеде оқыс жағдайға ұшырау қаупі басымырақ болғандықтан, қажеттілікке байланысты ол сыртынан ашылатындай етіп құлып орнатқан дұрыс.

Егер соңғы тамақ ішкеннен соң 3 сағат өтпесе баланы шомылдырмаңыз.

Баланы суға түсірмес бұрын судың температурасын шынтағыңызбен байқаңыз.

Бала ваннаға түсіп жатқанда ыстық суды қоспаңыз.

Оны суға түсірген соң өзіңіз баланың жанынан ұзап ешқайда кетпеңіз.

Жуғыш құралдарының құрамында зиянды өнімдер көптеп кездесетіндіктен он балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Электроқондырғылар арнайы қорғауыш жабынмен жабылуы тиіс.

Ешқашан дымқыл еденнің үстінде жалаңаяқ тұрып суға немесе кранға жақындап электр қондырғыларын пайдаланбаңыз. Ағаш ұлтанды аяқ киім ең жақсы изолятор бола алады.

Электропешті пайдаланбаңыз, ванна бөлмесінде радио тыңдамаңыз, себебі бумен қаныққан ауа электр қуатының өткізгіші болады.

Егер бөлмеде ваннаның газ жылытқысы болса терезені ашық ұстаңыз. Уақыт пен қондырғының герметикалығын және сығынды вентиляцияның жұмысын тексеріңіз.

Таймайтын аяқ киімді таңдаңыз, су болған еденде құлап қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Дезодорант баллонына сақ болыңыз. Егер ол ыстық жерде тұрса немесе күн сәулесі тікелей түсетін терезе тұсында болса атылып кетуі мүмкін.

Жатын бөлмеде

Кереуетте қатты матрас және жастық та аса мамық болмауы тиіс.

Жайма жақсы керіліп, тоқылған баулармен матрас астынан өткізіліп байланғаны жөн.

Кереует жақтауының биіктігі ең болмағанда шамамен 50-60 см болуы тиіс. Ал шыбықтар арасындағы аралық 7 см-ден аспауы керек.

Ұйқыға жатқанда баланың мойнына алқа немесе сілекейін сүртетін жапқышты ілмеңіз. Бұл ережені баланы ұйықтатуға жатқызғанда есте сақтаңыз.

Емізетін ана түнгі ұйқысында сергек болуы тиіс. Себебі, бала қараусыз қалса, тұншығып қалу қаупі басымырақ. Гигиена және дұрыс тәрбие беру мақсатында баланы ешқашан ата-анасының төсегіне жатқызуға болмайды.

Сандықшалар, шкаф пен комодтар құлыптануы тиіс. Бала бөлмеде құлыптанып қалмауы үшін есіктен кілтті алып тастаңыз.

Баланың қолы жететін тұстарға дәрі-дәрмекті қалдырмаңыз.


Көптеген оқыс жағдайлар үлкендердің бақылауынсыз қалғанда орын алады. Сондықтан есте сақтаңыз:

* жеке гигиеналық заттарды, кез-келген косметика түрін балалардан аулақ ұстау керек;

* түрлі құрал-саймандар жиынтығы сенімді құлпы бар темір жәшікте сақталуы тиіс;.

* балаға өз бетімен лифтіні пайдалануға рұқсат берерде сақ болыңыз, алдымен үлкендермен бірге лифтті жүргізіп көруге мүмкіндік беріңіз.

Отбасының әрбір мүшесімен бірге балалар да газ баллонының, судың, электр қуатының үйлестіруші аспаптары қайда орналасқанын және шұғыл жағдайларда оны қалай сөндіру қажеттігін үйренуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика