• қыркүйек 13, 2017

Нағыз ер-азаматты қалай танимыз?

Нағыз ер-азаматты қалай танимыз?

«Нағыз ер азамат қандай болуы керек?» деген сауалға бәріміз де ортақ өз пікірімізді айтарымыз анық. Шындығында, дәл осы сауалға келгенде нәзік жандылардың өз арманындағы мінсіз жігітті елестетіні сөзсіз. Яғни, біздің түсінігіміз бойынша нағыз ер азамат байсалды, сабырлы, берген уәдесін екі етпей орындайтын, артық сөзі жоқ – азамат.

Алайда, бес саусақтың бірдей бола бермейтіні секілді қазіргі қоғамдағы жігіттердің біздің талап-тілектеріміздің бәріне бірдей сай келе бермейтіні де бар.

Нәзік жандыларымыздың жанын жаралап, жүрегін ауыртпайтын өмірлік жар болатын нағыз ер азаматты қалай танимыз? Осы ретте мен сіздерге нағыз ер азаматқа қасиеттердің бірнешеуін атап өтсем деймін.

1. Нағыз ер-азамат көшбасшы болуға ұмтылған, қандайда бір қиындыққа тап болғанда бар амал-тәсілін тауып түйткілдің түйінін тарқата алатын жігіт;

2. Нағыз ер-амзамат жеңілісін тез ұмытып оны екінші рет қайталамауға тырысатын позитивті көзқараспен өмір сүретін жан;

3. Нағыз ер-азамат қандай да бір істі бастарда асықпай шешім қабылдауға үйренген;

4. Нағыз ер-азамат жетістік өзі келеді деп тосып жүргендерге қарағанда сол сәттілікке өзі жетуге талпынады;

5.Нағыз ер-азамат қорқыныш сезімінің өз бойын билеп алуға жол бермейді;

6. Нағыз ер-азамат кез келген ортада тез тіл табыса алатын және қандай орта болмасын, өз-өзін толықтай тұлға ретінде сезіне алатын жан;

7. Нағыз ер-азамат өз қателігін мойындай алатын, ешқашан ешкімге шағым айтпайтын біреуге кінә артпай, жала жаппай өмір алдындағы өзінің тұлғалық жауапкершілігін сезіну арқылы өмір сүретін жан;

8. Нағыз ер-азамат әлдекімнің көз жасына қалмауды күні бұрын ойлайтын, махаббат пен уәдеге берік, құлай сүйсе мәңгі сүйетін жігіт;

9. Нағыз ер-азамат кереметтей талантқа ие болмаса да, өзінен көп нәрсені талап ете білетін, өз бойындағы теріс әдетінен оңай арыла білген өз мінезін өзі қалыптастырып, өзін тәрбиелей алған жан;

10. Нағыз ер-азамат пайдасыз әрекеттерге уақытын текке жұмсамай, уақыттың әрбір сәтін бағалай алады;.

11. Нағыз ер-азамат ешкімге еліктемейді, ешкімнен көмек күтпейді өз жолымен жүріп, өзінен тұлға қалыптастыруға ұмтылады.

12. Нағыз ер-азамат бүгін жасалынуы тиіс істі ешқашан кейінге қалдырмайды. 13. Нағыз ер азамат нәзік жандыларға деген құрметі жоғары мәдениеттілікті сақтай білетін жігіт;

14. Нағыз ер-азамат мақсатқа жету жолында бәріне дайын өте тәуекелшіл;

15. Нағыз ер-азамат барлық әрекетке оптимистік көзқараспен қарап үйренген жан;

16. Нағыз ер-азамат арман мен бос қиялға ерік беріп, сәттілікті тосып отырмайды. Себебі, нағыз жігіт өз тағдырын өз ойындағыдай бәрін жоспарлы түрде жасайды.

17. Нағыз ер-азамат қандай да бір тосын сәтсіздіктің алдын алуға тырысады. Ал, ждүзбе-жүз келіп қалған жағдайда тығырықтан шығатын күресте жігерін аямайтын жан;

18.Нағыз ер-азамат эмоцияны жеңе біледі, көз жасын ешкімге көрсетпейді.
19. Нағыз ер-азамат екі сөйлемейді. Айтқан уәдесін уақытында орындайды.

20. Нағыз ер-азамат тазалыққа жаны құмар, өз дене бітімін бір қалыпта сақтауға үйренген өз ашуын жеңе білетін, кек сақтамайтын үнемі көңілді жүретін жігіт.

Р.S. Бауыржан Момышұлы «Жүректілік – жігіттің қасиеті» десе, от ауызды орақ тілді ата-бабаларымыз жігіт атаулысына тән мінезді «терең ойлы, өткір көзді», «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қырандай алғыр, нардай төзімді», «ар алдында ақ, кез келген істе сауысқандай сақ, іскер – азамат» деп нағыз ер азматтың сыр-сыйпатын бір-ақ ауыз сөзбен суреттеп берген. Әрине, осындай асыл қасиеттердің бәрін бір бойына дарыта білген жігітті жолықтыра алсақ абыройын асқақтатып жігіттің «сұлтаны мен сұңқары» деп айдар тағып төбемізге көтерсек те аз болмайды.

Дайындаған: Айгерім Сапарбекова

Ұқсас мақалалар

2 Пікір

  1. Балжан

    Ademi jigit

  2. АЙЛУНА98

    Қурметти Әдеми Әлем сайты! Маган сайт катты унады! Мынау фотодагы жыгиттын түрінен корынып тур гой, нагыз ер-азамат екені. Красавчик екен. Аты ким? Суреттегі жыгиттың телефоны бар ма сыздерде? Бул жигитпен таныскым келеди. Телефонын жазип жиберыныздерши отиниш

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика