• тамыз 13, 2017

Семіздік ауруы мазалай ма?

Семіздік ауруы мазалай ма?

Семіздік те дерт. Оған ағзадағы майдың мөлшерден тыс көбеюі себеп болады. Негізінде май тері астында, бүйрек айналасында, жүректің бетінде, қабырғаларда және мойында жиналады. Семіздік ауруының денсаулыққа тигізер қаупі орасан. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар ауыр психологиялық қиындықтарға душар болады. Мамандардың айтуына қарағанда семіздік ауруының пайда болуына тұқым қуалаушылық, эндокринды аурулар, аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы, мидың нақты бөлшегінің жарақаттануы мен кейбір психикалық ауытқулар ықпал етеді екен.

Мамандар семіздік кезінде дұрыс тамақтануды бірінші жолға қояды. Олар семіздік кезінде қалай тамақтану керектігін ұсынады.

* Нан және ұн тағамдары. Артық салмақ жинауға ең бірінші әсер ететін нан өнімдері. Сондықтан да нанды шектеп, күніне 150 грамнан асырмағаныңыз жөн. Осылайша оның мөлшерін 100 грамға азайтасыз.

* Сорпа. Мейлінше щи, борщ, қызылша сорпасы, окрошка секілді сіңуі жеңіл тағамдарды тұтыныңыз. Ал балық пен eтті қолданатын кезде міндетті түрде майсызын таңдағаныңыз дұрыс. Тамақтың мөлшері тәулігіне 250 грамнан аспауы тиіс.

* Көкөністен жасалған гарнир. Қырыққабаттан, қиярдан, шалғамнан, сәбізден, кәдіден, асқабақтан, қызанақтан жасалған гарнирді тұтыныңыз. Бұл көкөністерді шикі түрінде де жеуге болады. Ал картоптан, қызылшадан, сәбіз бен жасыл бұршақтан жасалған тағамдарды аз-аздан жеу керектігін ұмытпаңыз. Күніне 200 гр. жетеді. Ал маринадталған түрін мүлде тұтынудың қажеті жоқ.

* Жарма мен макароннан жасалған тағамдар. Әрине, қарақұмық пен арпадан жасалған ботқаны жеуге болады. Ал сұлы ботқасы мен макарон тағамдарын шектеп жеңі* Мал және тауық еттері мен, теңіз өнімдері. Қандай етті тұтынсаңыз да, майсызын таңдағаныңыз жөн. Бірақ күніне 150 грамнан аспауы тиіс. Етті қайнатып та, бұқтырып та, тіпті қуырып та жеуге болады. Ал сиыр етінен жасалған шұжықты, қайнатылған тілі мен бауырын шектеңіз.

Майсыз балық етінің мөлшері де тәулігіне 150 грамнан аспауы керек.

* Жұмыртқа. Күніне 1-2 дана жұмыртқа жеңіз. Қайнатып таза пісіріп жеңіз. Ақуызынан омлет жасауға болады. Омлетті көкөніспен жесеңіз өте пайдалы.
* Сүт және сүт өнімдері. Сүт, кефир, айран мен сүзбенің майсыз түрін алыңыз. Күніне 200 грамм мөлшері. Ал сары майды 15 грамнан асырмаңыз. Тамаққа майсыз қаймақты қоссаңыз болады. Ірімшіктің де майсызын жеңіз.
* Салқын тағамдар мен тіскебасар. Винегрет, балғын және ашытылған қырыққабаттан жасалған салаттар, көкөністен жасалған уылдырық, теңіз өнімдерінен жасалған салат жеу керек.

Жеміс-жидек. Қышқыл жемістер мен жидектерді, қант қосылмаған нәрсу ішіңіз. Тұздық пен дәмдеуіштер. Көктерді, ванилинді, даршынды қосуға болады.

* Сусындар мен шырындар. Шай, сүт қатылған кофе, көкөніс шырыны, қышқыл жеміс шырыны, түймедақ қайнатпасын жиі ішіп тұру керек. Оның көлемі 1 литрден кем болмауытиіс.

Бір апталық мәзір

Дүйсенбі

Таңғы ас: Еттен жасалған салат пен сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: майсыз сүзбе.

Түскіас: көкөніс сорпасы, бұқтырылған қырыққабат пен қайнатылған ет, қантсыз алма шырыны.

Кешкі ас: балық пен қайнатылған картоп және түймедақ қайнатпасы.

Жатар алдында: 1 стақан кефир.

Сейсенбі:

Таңғы ас: қайнатылған ет, винегрет салаты мен сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: ірімшік.

Түскі ас: окрошка, бұқтырылған қызылша мен қайнатылған ет, қант қосылмаған нәрсу.

Кешкі ас: көкөніс қосылған голубцы мен түймедақ қайнатпасы.

Үйқыға жатар алдында: 1 стақан айран.

Сәрсенбі

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, өсімдік майы қосылған салат пен сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: сүт қосылған сүзбе.

Түскіас: қызылша, бұқтырылған ет пен көкөніс гарнирі, сусынға қызанақ шырыны.

Кешкі ас: қайнатылған балық пен бұқтырылған қырыққабат, түймедақ қайнатпасы.

Үйқыға жатар алдында: 1 стақан кефир.

Бейсенбі

Таңғы ас: қайнатылған тіл мен қияр, қызылша езбесі, сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: майсыз сүзбе.

Түскіас: көкөністен жасалған сорпа, қайнатылған тауық еті мен сәбіз езбесі.

Кешкі ас: балық пен бұқтырылған қырыққабат, түймедақ қайнатпасы.

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан айран.

Жұма

Таңғы ас: балық, пен қайнатылған картоп, сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: ірімшік.

Түскі ас: борщ, қайнатылған ет пен бұқтырылған қызылша, қантсыз желе.

Кешкі ас: омлет, кәдіден жасалған езбе мен итмұрын қайнатпасы.

Ұйқыға жатар алдында 1 стақан кефир.

Сенбі

Таңғы ас: майсыз eт, өсімдік майы қосылған қияр салаты, сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: майсыз сүзбе.

Түскі ас: қайнатылған жұмыртқа қосылған щи, қайнатылған ет пен бұқтырылған жасыл бұршақ, піскен алма.

Кешкі ас: қуырылған балық пен бұқтырылған қырыққабат және итмұрын қайнатпасы.

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан кефир.

Жексенбі

Таңғы ас: көкөніс пісірмесі, қайнатылған сиыр еті мен сүт қатылған кофе.

Екінші таңғы ас: ірімшік.

Түскі ас: саңырауқұлақ қосылған борщ, eт орамасы, бұқтырылған сәбіз бен жеміс желесі.

Кешкі ас: сүзбе мен сәбізден жасалған пісірме, түймедақ қайнатпасы.

Ұйқыға жатар алдында: 1 стақан кефир.

Егер сіз тамақтанып болғаннан кеиін де қарныңыздың ашқанын сезінсеңіз, онда сіздің ағзаңызда калория жеткіліксіз болғаны.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика