• қазан 04, 2017

Тойымды диета

Тойымды диета

Аты айтып тұрғандай бұл диетаны ұстану барысында сізді аштық қинап, тағамдардың иісі мұрныңызды жармайды. Өйткені аталмыш диета өсімдік талшықтары мен пайдалы дәрумендерге бай. Тойымды диетаның көмегімен бір апта ішінде 5 келі салмақтан арыла аласыз.

Ең маңыздысы күні бойы қалағаныңызша су ішіп, әрбір тамақтанудың алдында салат жеңіз. Салат құрамында: қияр, балдыркөк, қызанақ, салат жапырағы болады. Салатқа табиғи йогурт, лимон шырыны мен туралған алманы қоса аласыз. Алайда салатты тұзсыз жеуге тура келеді.

Таңғы ас

  1. Қара нан мен майдан бутерброд жасаңыз. Сонымен қатар, алма мен банан жейсіз.
  2. 250 мл. Майсыз сүт, апельсин немесе алма, екі тілім қара нан.
  3. Екі тілім нан мен бір қасық бал, кішірек банан.
  4. Қайнатылған жұмыртқа мен нан, табиғи майсыз йогурт.

Түскі ас

  1. 100 гр. майсыз қайнатылған ет, қырыққабат салаты.
  2. 4 дана қайнатылған картопқа соя соусы мен бір тілім сыр қосып араластырып жейсіз.

Кешкі ас

  1. 50 гр. қайнатылған тауық еті, көкөніс салаты.
  2. 100 гр. теңіз өнімдерінен дайындалған тағам. Теңіз өнімдеріне лимон шырынын араластыруға болады. Сонымен қатар, қызанақ, пен қиярдан салат жасайсыз.
  3. 200 гр. қайнатылған немесе бұқтылырған балық, көкөніс салаты.

Тамақтану арасында банан, алма, табиғи йогурт, майсыз ірімшік апельсин жеуге болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика