• қазан 05, 2017

​Көкөністер қосылған езбе-сорпасы

​Көкөністер қосылған езбе-сорпасы

Қажетті заттар:

* 1 дана пияз

* 4 ас қасық өсімдік майы

* 200 г саумалдық

* 150 г қымыздық

* 7 стақан су

* 2 ас қасық ұн

* 1 дана жұмыртқа

* ½ стақан қаймақ

* Тұз және бұрыш

Дайындау тәсілі:

Табаға 1 ас қасық майды құйып, майдалап туралған пиязды қуырамыз.

Сосын туралған саумалдықты салып, тұзын, бұрышын қосып, бұқтырамыз.

Екінші табаға 1 ас қасық майды құйып, қымыздықты салып, бұқтырамыз.

Дайын болғаннан соң, екеуін қазанға салып араластырып, су құямызда, 5-6 минуттай қайнатамыз.

Көрсетілген уақыт өткен соң, блендерге салып еземіз.

Енді ұнды майға қызартып қуырып, езбенің үстінен жақсылап араластырамыз.

Дәміне қарай тұз және бұрыш сеуіп, 8-10 минут қозғап отырып қайнатамыз. Дайын болған езбе сорпасын қайнатылған жұмыртқа сарысы және қаймақпен бірге беріледі.

Ас дәмді болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика