• қазан 18, 2017

​Құймақ қосылған сорпа

​Құймақ қосылған сорпа

Жұқа құймақты (блины) пісіре алмайтын келіншек жоқ шығар, сірә?! Ал, құймақты қосып сорпа әзірлегендер бар ма екен? Таңғы аста пісірген құймақтарды турап, түскі аста даярлайтын сорпа құрамына қосып көріңіз...


ҚҰРАМЫ:

- 2,5 литр су

- 350 грамм ет

- 5 дана жұмыртқа

- 1 дана пияз

- 1 дана картоп

- 1 дана сәбiз

- қалауыңызға қарай өсiмдiк майы мен ас тұзы

- сорпаға арналған дәмдеуiш.


Дайындалуы

1. Қалауыңызға қарай жылқы, қой немесе тауық етiнен 350 грамм алыңыз. Еттi орташа көлемде тураңыз.

2. Кастрюльге су құйып, тұз қосып, жуылған еттi салып қайнатыңыз.

3. Картопты қабығынан аршып, жуып, қалауыңызға қарай дөңгелектеп немесе төртбұрыштап тураңыз. Кастрюльдегi ет пiсуге жақындағанда туралған картопты салыңыз.

4. Қазанға май құйып қыздырыңыз.

5. Пиязды төртбұрыштап турап, қуырыңыз.

6. Сәбiздi ұсақ әрi төртбұрыш етiп турап, пияздың үстiнен салыңыз.

7. Кастрюльдегi сорпаны қосып, 15 минут қайнатыңыз.

8. Жұмыртқаны жарып, тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз. Табаға май құйып, жұқа құймақтар пісіріңіз.

9. Құймақты ұзыншалап орап, суытып қойыңыз.

10. Оралған құймақтарды турап, сорпаға салыңыз.

11. Құймақ қосылғаннан соң 1-2 минут қайнату керек.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика