• тамыз 12, 2017

Созба лағман

Созба лағман

Созба лағман

Қажетті заттар:

Кеспе үшiн:

/// 1 кг ұн

/// 2 дана жұмыртқа

/// 1 шай қасық тұз

/// Жарты шай қасық ас содасы

/// 1 кесе өсiмдiк майы

Бұқтыру үшiн:

/// 500 грамм ет

/// 300 грамм қырыққабат

/// 2 дана баялды

/// 3-4 дана пияз

/// 1бас сарымсақ

/// 2-3 болгар бұрышы

/// 2- 3 дана қызанақ

/// 1 лавр жапырағы

/// Тұз бен бұрыш татымына қа­рай

Дайындау тәсілі:

1.Әуелi қамыр дайындаймыз. Ол үшін қатты да, жұмсақ, та етпей, орташалау қамыр иленедi. Домалақталып, үстiне табақ төңкерiледi немесе орап қоямыз. 1 сағат тұруы қажет.

2.Содан соң жарты кесе жылы суға 1 шай қасық тұз және жарты шай қасық ас содасы араластырылған ерiтiндi жағылып, epiтiндi жақсы ciңy үшiн тағы бip рет иленедi.

3.Сөйтiп шетiнен алынады да, алақанмен грек жаңғағының мөлшерiндей етiп домалақтаймыз. Содан кейiн әрбip домалақ кезек-кезек тақтаның үcтiне қойылады да, алақанмен қарандаштың ұзындығы мен жуандығындай етiп ширатылады. Бәpi қатарластырылып тарелкеге салынады. Олар бiр-бiрiнe жабысып қалмас үшiн өсiмдiк майын жаққан дұрыс. Сонда ғана өсiмдiк майы жағылған қамыр созылғыш келедi.

4.Өсiмдiк майы жағылған «қа­рандаш» қамыр вермишельдiң жiңiшкелiгiндей болғанша бip-бiрден ұзыншалап созылуға тиiс. Ол үшiн қамырдың ұшынан ұсталады да, ортасынан үстелге соққылап тұрып созылады. Осылай бiрте-бiрте аса мұқияттылықпен, жiп ескендей ширата отырып, ұзындығы 1 метрге жeткiзiлeдi. Содан соң екi қабаттап, тағы да сонша ұзындыққа дейiн созылады. Сөйтiп барлық керек қамыр созылып болғанша осы процесс қайталана бередi.

5.Дайын болған созба кеспе қайнап жатқан тұзды суға салынып пiсiрiледi. Пiскен соң кепсермен сүзiп алынады да салқын суға бip рет батырып алынып, әбден сорғытылады.

6.Ет пен құйрық май ұсақтап туралады. Қырыққабат пен бол­гар бұрышы ұзыншалап, қызанақ, пияз сақиналанып, ал баялды төртбұрыштап туралады. Ал сарымсақты ұнтақтаймыз.

7.Таба отқа қойылады. Оған құйрық, май немесе өсiмдiк майы қыздырылады. Сөйтiп пияз шала қуырылып алынады да, үстiне ет салынады. Баялды, қызанақ, болгар бұры­шы, сарымсақ қосылады да, бәpi араластырыла отырып қуырылады.

8.Үстiнe су құйылып, бip рет қайнатылады да тұздалып, бұрышталады. Содан соң лавр жапырағы мен қырыққабат салынады да отты басыңқырап қойып, бұқтырылады. Бұл тағамның тұздығы кеспе лағманның тұздығына қарағанда сұйықтау болады.

9.Дастарханға әкелерде салқын сумен шайылған манағы кеспе ыстық суға бip рет батырылып алып, әбден сорғытыла­ды. Сөйтiп кесеге салына­ды да, үстiне бұқтырылған көкөнiс тұздығы құйылады. Бетiне ұнтақталған сарымсақ және ұсақтап кесiлген көк ceбiледi. Бұрыш пен cipкeсуы бө­лек ыдыспен әкелiнедi.

10. Созба лағманның бетiне жұмыртқа омлетiн де салуға бо­лады. Ол үшiн 3 дана жұмыртқаны кесеге жарып, үстiне 1 қасық сүт құйылады.

11. Бip шымшым тұз салынып, жақсылап ағаш қасықпен араластырылады да, табадағы ыстық майға қуырылады. Ол бiркелкi пicy үшiн табаны үздiксiз қозғап тұру керек.

12. Пiскеннен кейiн омлет суытылады да, өткiр пышақпен жұқалап кесiледi. Содан соң созба лағманның бетiне себелеп беруге бо­лады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика