• қазан 04, 2017

​Күріш ағзаңызды тазалайды

​Күріш ағзаңызды тазалайды

Батыс елдерінде несеп жыныстық жүйесі ауруын емдеп, буындағы тұзды кетіру үшін күріштің көмегіне жүгінген екен. Олар әсіресе қоңыр күріштің емдік қасиетінің мол екендігін айтады. Ал біздің елімізде тазартылған ақ күріш тұтынғандықтан оны да емдік үшін қолданса болады.

Күріш – ағзадағы улы заттарды шығарып, зат алмасуды реттейді. Салмағыңызды бірқалыпты ұстап, ісікті кетіреді. Сонымен қатар бауыр мен бүйректің жұмысын жақсартады. Күрішті қайнатқан кезде оған тұз қоспайсыз. Бұл емдеу барысында қатаң түрде тұзсыз диетаны ұстайсыз. Сонда тез әрі жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Емделу уақыты біткен кезде несебіңізге шырыш қосылып, бұлдыр болып шыққанын байқайсыз. Бұл ағзаңыздың тазаланғанынан дерек береді.

Күріш емінің әдісі

Алдымен бірдей көлемдегі 4 стақанды алып, әрқайсысын нөмірлеп қоясыз. Егер бұл емді үйдегі басқа да жандар қолданатын болса, адам санына қарай жарты немесе бір литрлік шыны ыдысты таңдаңыз. Ыдыстарға төменде көрсетілген күрішті салып, жібітесіз. Ең бастысы, 4 стақанды шатастырып алмағаныңыз жөн.

Бірінші күн

Таңертең күрішті жуып, стақанға саласыз. Оған 2-3 ас қасық салқын су құйып, бетін мықтап жабыңыз.

Екінші күн

Таңертең ерте стақанның ішіндегін елек арқылы сүзіп алып, тағы да сондай көлемде салқын су құясыз. Сонан соң екінші стақанға 2-3 ас қасық жуылған күрішті салып, үстіне салқын су құясыз. Оның да аузын мықтап жауып, бірінші стақанның жанына қоясыз.

Үшінші күн

Екінші күндегідей екі стақанның ішіндегі суды кезек-кезек сырғытып төгіп, тағы да таза салқын су құясыз. Ал үшінші стақанға 2-3 ас қасық күрішті салып, толтырып су құйыңыз. Оның да қақпағын жауып, стақандардың жанына қойыңыз.

Төртінші күн

3 стақандағы күріштерді жуып, суын сырғытып төгіңіз. Оған тағы да салқын таза су құйып, бетін мықтап жабасыз. Алдыңғылардағыдай төртінші стақанға да жуылған күріштен 2-3 ас қасық салыңыз. Оны толтырып таза су құйып, бетін мықтап жабасыз.

Бесінші күн

Алдымен бірінші стақандағы күрішті тазалап жуып, ботқа дайындаңыз. Ботқа сұйық болу үшін ұзақ уақыт қайнатудың қажеті жоқ. Дайын болған ботқаны жеуден 20-30 минут бұрын 1 стақан су ішіп алыңыз. Сонымен қатар, төрт күн бойы жібітілген күрішті шикідей жесеңіз де пайдасы орасан. Бұл ем ішекқұрттарын шығаруға көмектеседі. Күрішті жеген соң 4 сағаттай ештеңе ішіп-жемеуге тырысыңыз. Тіпті, алманы да, шырын мен сусынды да тұтынбаңыз.

Стақан босаған соң тағы да 2-3 ас қасық жуылған күрішті салып, үстіне салқын су құясыз. Бетін мықтап жауып стақандардың соңына тізіңіз. Осылайша 2 ай бойы үзбей жалғастырасыз. Әр босаған стақанды толтырып жаңартып отырыңыз. Күрішті таңғы ас пен түскі астың аралығында жейсіз. Ал түскі ас пен кешкі асқа тәбетіңіз тартқан тағамды жей беруге болады. Бірақ тұзды, ащы және қышқыл тағамға, ішімдік пен шылымға қатаң түрде тыйым салынады.

Кімдерге қолдануға болмайды?

Ағзаңызды тазалау барысында алғашқы күндері әлсіздікті байқайсыз. Бұл емделу кезінде көбірек тынығып, денеңізді босаңсытыңыз.

Бұл емді жылына 1-2 рет жасауға болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика