• қазан 04, 2017

​Ең пайдалы емдік өсімдіктер

​Ең пайдалы емдік өсімдіктер

Шөптер барлық жағдайда да пайдасы керемет зат болып табылады. Оны ас үйде тағамға, салатқа дәмдеуіш ретінде қолданса, енді бірі косметологияда өзінің пайдасын көрсетеді. Ал медицинада да кеңінен қолданысқа ие болған шөптер көптеген аурулардан айықтыруда.

Олардың да ішінде ең пайдалылар тізімі бар.

1. Насыбайгүл түрлі жұқпалы аурулардан сақтап, ауруды басады. Сонымен қатар оның тұнбасы тамақты оңай қорытуға ықпал етіп, асқазанның жұмысын жеңілдетеді.

2. Бақбақ әсіресе әйелдер қауымының жан досы деп айтсақ болады. Өйткені бұл шөп ай сайын келетін етеккір кезіндегі ауырлықты жеңілдетіп, аналық безінің жұмысын жақсартады.

3. Сарымсақ жұқпалы аурудан айықтырады, иммунитетті нығайтып, ағзаны тазалайды. Сонымен қатар қандағы холестерин мөлшерін азайтады. Сондықтан да жүрек қан тамыр ауруынан зардап шегетіндерге күніне кем дегенде бір тіс сарымсақ жеу ұсынылады. Кейбір дәрігерлер сарымсақты рак ауруына қарсы дәрі деп тануда.

4. Майоран жұқпалы аурулармен күреседі, қан тамырдың кеңеюінің алдын алады, қан қысымын реттеп, дененің бұлшық еттерін босаңсытады.

5. Гүлшетен денені тазартады әрі бауырдың жұмысын жақсартып, цирроздан сақтайды. Сонымен қатар, шаштың түбін қатайтып, майлы және құрғақ шаштарды емдейді.

6. Жаужапырақ шайы жүйке жүйені жақсартып, тыныштандырады әрі бактерилдық жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал бұл шөптен компресс жасасаңыз суық пен қышымадан құтыласыз. Сондай-ақ, артық салмақтан арылтатын да қасиетке ие.

7. Киікоты тері ауруларын емдеп, тыныс жолдарының суықтағанын басады әрі ішекті аурулардан айықтырады. Сонымен қатар, сүйек, буын ауруларының алдын алады.

Ең пайдалы шөп шайлар

* Түймедақ шайы – іш ауруын басып, ішекті суықтаудан сақтайды. Егер ас қорыту жүйеңіз дұрыс жұмыс жасамаса, онда 2 ай үзбей түймедақ шайын ішіңіз.

* Сермене шайы – күйзеліспен күресіп, миыңызды тынықтырады. Сонымен қатар қан қысымын реттеп, тәтті ұйқы сыйлайды.

* Ащы жалбыз шайы – асты оңай әрі жылдам қорытуға қабілетті. Сондай-ақ жүрек айну мен құсуды қойдырады.

* Гүлшетен шайы – бас ауруынан айықтырады әрі стрестен сақтайды. Бұл емдік шөп қан тамырларын кеңейтіп, тарылуын тоқтатады.

* Сәлбен шайы – түнгі тершеңдіктен құтқарады. Емдік қасиеті мол шайды дайындау үшін 4 ас қасық сәлбенді 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Бірнеше уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішсеңіз, тәтті ұйқы құшағына енесіз.

* Жебіршөп шайы – жөтелді қойдырады, тыныс жолдарын емдейді.

Емдік шайды қалай дайындайды?

1. Алдымен суды қайнатып алыңыз;

2. Қолданатын шөптердің жапырағын немесе гүлін ұсақтап алыңыз. Сөйтіп оны шәйнекке саласыз;

3. Шөп салынған шәйнекке керегінше мөлшерімен қайнап тұрған суды құясыз. Қақпағын мықтап жауып, шамамен 10 минуттай тұндырасыз;

4. Дайын болған емдік сусынды сүзіп алып, күніне кем дегенде 3 рет ішіңіз.

Демделген шай дертіңізге дауа болсын дейміз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика