• қазан 21, 2017

​Жалбыз климаксты жеңілдетеді

​Жалбыз климаксты жеңілдетеді

Жасы қырықтан асқан әйелдерде климакстың басталатыны белгілі. Басқа аурулар сияқты климакстың да жасарып жатқаны анықталған. Дегенмен табиғат заңдылығы болғандықтан климаксты барынша жеңіл өткізуге тырысқан жөн. Егерде сізде де климакс басталған болса, төменде келтірілген халықтық емдерді пайдаланып көріңіз.


1. 100 гр. кептірілген серменеге (лимонник) 0,5 литр 75 пайыздық спирт қосып, 10 күндей тұндырыңыз. Бірақ күнде қозғап тұруды ұмытпаңыз. Белгіленген күннен соң дайын болған тұнбаны 20-30 тамшыдан су қосып ішесіз. Емді күніне 2 рет таңертең және түскі астың алдында қабылдайсыз.


2. 1 шай қасық кепкен жалбыз жапырағын 1,5 стақан қайнаған суға салып, тұндырыңыз. 20 минуттан соң сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізесіз.


3. Бір айдай 0,5 гр. тасдәріні (мумие) ішіп жүріңіз. 2-3 айдан соң емді қайта жалғастырасыз.


4. 1 ас қасық кептірілген қымыздықты ұнтақтап 1,5 стақан қайнаған суға саласыз. Қақпағын жауып, ыдысымен ыстық суға салып 30 минуттай бұлау жасайсыз. 10 минуттай салқындатып алыңыз да, балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Емді бір аптадай жүргізесіз. Бұл тұнба ауруыңызды басып, климакстың жеңіл өтуіне септігін тигізеді.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика