• қазан 05, 2017

​Тұрып пен жұмыртқа қосылған жеңіл салат

​Тұрып пен жұмыртқа қосылған жеңіл салат

Қажетті заттар:

* 1 дана орташа тұрып

* 2 дана қызанақ

*Салат жапырақтары

* 1 дана балғын қияр

* 4 ас қасық майлылығы аз қаймақ

* Тұз және бұрыш

* Жұмыртқа

* Көк пияз

Дайындау тәсілі:

1. Тұрыпты, қызанақты, қиярды жұқа тілікшелеп тураймыз.

2. Тәрелкеге салат жапырақтарын қоямыз.

3. Оның үстіне салатты саламыз.

4. Тұздық дайындаймыз. Ол үшін қыша мен қаймақты араластырамыз.

5. Тұз және бұрышын қосып, салатқа құямыз.

6. Жұмыртқаны қайнатып, піскен жұмыртқаны екіге бөліп, әр тәрелкені сәндепаламыз.

7. Содан соң, бетіне көк пиязды сеуіп, дастарханға апарамыз.

Осымен салат дайын. Ас болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика