• қыркүйек 11, 2017

«Ауызға түкіру»

«Ауызға түкіру»

Қазақта бар ырымның бірі - "ауызға түкіру". Елге сыйлы, абыройлы ел ағаларына, ақсақалдарға ырымдап баланың аузына түкіртіп алу аба-бабамыздан келе жатқан сенім. "Сондай абыройлы, ел сыйлаған азамат болсын" деген жақсы ниеттен туған ырым. Ол бұрын да болған, әлі де бар. Осы бір ырымның астарында не жатыр? Ілімі қандай? Бұл туралы хадисте айтылған ба?

ЫРЫМ. «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары» кітабында (Атамұра 2011ж.) аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен батырларға сәбидің аузына түкірту ырымы туралы жазылған. Ежелгі ырымның бұл түрі ел ішінде әлі де бар. Бұл бала түкірген адамға ұқсасын деген сенімнен туған.

Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша адамның қасиеті мен өнері сәбиге, жас балаға түкірігі арқылы «қонады». Мысалы, белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев түкірген екен.

Ауызға түкіру ырымы нда жай түкіру нышаны ғана жасалады.

ҒЫЛЫМ. Ата-бабамыздың сенімінен пайда болған бұл ырымда үлкен ілім жатыр. Ауыз қуысында бездер арқылы бөлінетін түкірік арқылы қасиет, мінез, өнер даруы әбден мүмкін. Өйткені, сілекей арқылы тек анықталады. Бұрындары мұндай орталықтар тек шетелдерде болса, қазір Қазақстанда да бар. Ол – Алматыда. Шыққан тегіңізді анықтап беретін ғылыми орталық сілекей құрамын зерттей отырып, 7 атаңызға дейінгі жіктеп береді. Естуімізше, генеалогия ғылыми орталығы тіпті тегіңізде белгілі хан, шешен, батыр, жырау, ақын болса соның бәрін анықтай алады. Қорытынды сілекейіңізді тапсырғаннан соң екі-үш ай көлемінде қолыңызға тиеді. Біле жүріңіз, Алматыдағы генеология ғылыми орталығының директоры Нұрбол Баймұханов.

ХАДИС. Ал, діни кітаптардан пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ауырған жеріне өз түкірігін жағып дем салғанын кездестіруге болады. Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: Пайғамбар (с.ғ.с.) әдетте науқасқа: «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бириқати баъдина, йушфа сақимунә, би-изни Роббина (қазақша мағынасы: Аллаһтың есімімен! Біздің топырағымыз біреуіміздің түкірігімізбен, науқасымызға Раббымыздың рұқсатымен шипа болады!)» деп айтатыны жеткізілген (Бұхари). Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздерді айта отырып, сұқ саусағын түкіріктеп, топыраққа тигізіп, пайда болған лай топырақты ауырған жерге жағатын болған.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика