• қазан 31, 2017

​Қандай түстер сымбатыңызға сын келтірмейді?

​Қандай түстер сымбатыңызға сын келтірмейді?

Бәріңізге де белгілі, қара түсті киімдер мүсініңізді мінсіз етіп көрсетеді. Ақ түсті толық болуды армандайтындар киеді. Алайда сымбатты болып көріну үшін ылғи да осы түстен киім кие алмайсыз ғой. Сондықтан да сізге артық салмақты байқатпайтын түстерді ұсынамыз. Бастысы, кез келген түсті үйлестіре кисеңіз болғаны.

Ашық түстер қою түстерге қарағанда қашанда көлемді көрсетеді. Мәселен, сұр түспен сары түсті керемет үйлестіріп кисеңіз болады. Алайда бұл сізді толық етіп көрсететіні белгілі. Әрбір түстің тоқ және ашық түрлері болады. Есіңізде болсын, қандай киімді таңдасаңыз да үлкен гүлдері немесе басқа да суреттері болмасын. Өйткені мұның артық салмақ жиналған тұстарды байқатып, тіпті арық келіншектердің өзін толық етіп көрсететін қасиетке ие.

Сонымен қатар тым жылтыр матадан тігілген киімді таңдамаңыз. Мұның тоқ түсінің өзі сізді айтарлықтай толық көрсетеді. Сондықтан да мейлінше жылтыр көйлек кимегеніңіз мақұл. Егер басқа таңдауыңыз болмаса, онда көбірек әшекей бұйымдарды тағып, назарды сонда аудартыңыз. Ал арық қыз-келіншектеріміз еш ойланбай жылтыр матадан тігілген көйлекті таңдауына болады. Себебі жылтыр мата сізді келісті келіншек етіп көрсетеді.

Ал дене пішініңіз алмұрт тәрізді болса, онда жоғары жағыңызға жылтыр жейде киіп, төменге өзіңіздің сүйікті белдемшеңізді таңдасаңыз болады.

Салқын түстер де сымбатыңыздың сымдай болуына ықпал етеді. Нақтырақ айтсақ, сары, қызыл, қызғылт-сары, күлгін, көкшіл және жасыл түстер. Артық салмағыңызды жасырғыңыз келсе, онда осы түстердің жарасатынын таңдап киіңіз.

Негізінде матадағы гүлдер де, түрлі суреттер де, тіпті сызықтары да сіздегі артық заттарды байқатады. Мұны да ескергеніңіз жөн. Мейлінше көлденеңінен түскен сызықтарға қарағанда, ұзынынан түскен сызықтар мүсінді әлдеқайда арық көрсетеді. Қою түсті киімге міндетті түрде керемет үйлесетін әшекей таңдаңыз.


Сәйкес келетін түстер

1. Қара мен сұр түс

Осы түстерді сәйкестендіріп кисеңіз, сіздің сымбатыңызға көз тоймайтын болады. Жаныңыздағыларды елең еткізіп, көз тартарлық сұлулыққа шақырады. Мұндай түсті киіммен жұмысқа да, банкетке де баруға болады. Қара, сұр түстерді ашық қанық түстермен яғни, қызылкүрең, қою қызыл, сары, жасыл, көкшіл, қоңыр, ақшыл көк, ашық сары түстермен үйлестіруге болады.


2. Жасыл түс қымбат әрі сәнді көрінеді. Бұл түспен сіз әлдеқайда арық болып көрінесіз. Сіздің мүсініңізге таң қалмайтын жан болмайды. Бұл - мерекелік түс. Он алқызыл, ашық жасыл, көгілдір, ашық сары түстермен үйлестірсеңіз керемет жарасым табады.


3. Қызыл-қошқыл түспен сіз биязы, нәзік болып көрінесіз. Мұндай түс сіздің мүсініңіздегі барлық кемшілікті жойып, әйелге ғана тән сылқымдылыққа, нәзіктікке үндейді. Бұл түс ақшыл көк, қызғылт, қызыл күрең, жасыл көк, сұр көк, ашық қоңыр түстермен әдемі жарасады.

Әлемді әдемілікке үндеген әйелдерге қандай киім кисе де жарасады. Тек қана талғамыңызға ерік беріп, жасыңызға сай жарасымды кимді таңдай алсаңыз болғаны.

Ләззат Ахметова.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика