• қазан 31, 2017

​Бес жасқа жасару қолыңыздан келеді

​Бес жасқа жасару қолыңыздан келеді

Адамның жасы ұлғайған сайын терi өзiнiң ылғалдылығынан айырылып, өңiн жоғалта бастайды. Бұдан кейiн бет терiсiнде алғашқы әжiмдер пайда болады. Әжiмнiң түсуi кез келген нәзікжандының көңiлiне қаяу түсiредi. Қартаюдан қашып құтыла алмаймыз. Дегенмен, оны баяулатудың әдiс-тәсiлдерi бар. Ендеше, төмендегi кеңестерге назар аударыңыз. Терiнi жасартатын косметикалық құралдарды үйде дайындаудың тиiмдi тұстары көп-ақ.

Оның құрамына қосылатын заттардың барлығы өз асханаңыздан табылады. Азықтардың құрамында консерванттар мен терiге зиян келтiретiн өзге заттар жоқ. Скраб, пилиниг және маскаларды өз бетiңiзше терiнiң құрамына қарай таңдай аласыз.


Ақжелкеннен лосьон

Терiнi жасартатын лосьонды қолдан жасаңыз.

Ақжелкеннiң 1 ас қасық құрғақ жапырағы мен тамырын 1 стақан қайнаған суға саласыз. Оны 20-30 минут монша суында қыздырып алып, 1 сағат тұндырасыз. Оған 50-70 гр. ақ шарап құйып, араластырыңыз. Осы лосьонмен терiнi күн сайын сүртудi ұмытпаңыз. Лосьонға балғын алжелкектi қосуға да болады.


Жалбыздан лосьон

2 ас қасық құрғақ жалбызды (немесе балғын түрi) 0,5 литр қайнаған суға салып, 10 минут баяу отта қайнатасыз. Қайнатпа суыған соң оған 4 шай қасық бор спиртiн, 2 ас қасық қырмызы тұнбасын, 1 шай қасық сiркесуды, 1 шай қасық лимон шырынын қосу керек. Барлығын жақсылап араластырып, күн сәулесі түспейтін жерде сақтаңыз. Осы араласпамен терiнi сүрткенде өңi жақсарып, жасара түсесiз.


Картоптан маска

Бұл маска майда әжiмдер ендi түсiп жатқан терiсi құрғақ жандарға арналған. Ол үшiн картопты қайнатып, езбе жасау керек. Езбенi жылы күйiнде бет терiсiнде 20 минут ұстайсыз. Сосын масканы жылы сумен жуыңыз.


Бананнан маска

Банан езбесiн 1 шай қасық сүтпен араластырып, бет терiсiнде 10-20 минут ұстайды. Оған 1 шай қасық лимон шырынын қосса, майлы терiге қолдануға болады. Масканы жылы суға немесе сүтке мақта тампонды батырып, сүртедi. Масканы күн сайын немесе күнара жасайды. Емдiк процедура – 20 рет. Бананда С, В дәруменi мен каротин бар. Ал, ондағы Е дәруменi терiдегi жасушаларды жаңартады.


Шөптерден бұлау

Бұлауға түймедақ, жөке, өгейшөп, қайың жапырағы қажет. Олардың әрқайсысынан 50 грамнан алып, шөптердi 1 литр қайнаған сумен демдейсiз. 20 минуттан кейiн сүзгiден өткiзiп, шай ағашы майының бiрнеше тамшысын қосу керек. Ваннадағы суға қоспаны араластырасыз. Бұлау уақыты – 40 минут. Процедура аптасына 1 рет жасалады.


Жасартатын шай

Бүлдiрген, қарақат және итмұрын жапырақтарынан дайындалған шай ағзаны керемет жасартады. Бұл өсiмдiктердiң құрамында жасартуға қабiлеттi заттар кездеседi. Яғни, бұл заттар ағзадағы эстрогендердi синтездейдi. Бұл гормон қанның айналымын жақсартады әрi терiнiң ылғалдылығын тұрақтандырады.


Жасартатын эфир майлары

Бүгiнде дәрiханалардан эфир майларының түр-түрiн кездестiруге болады. Тек оларды пайдаланудың алдында құрамын анықтап, терiнiң түрiне қарай дұрыс таңдай бiлу қажет.

Гүлшетен майы – қанайналымды жақсартып, жасушаларды жаңартады.

Жасмин – сезiмтал және құрғақ терiлерге жарамды. Маскаға осы майдан 1-2 тамшы қосады.

Раушан майы – терiде коллагеннiң бөлiнуiн жылдамдатады.

Иланг-иланг – ұсақ әжiмдердi жазып, терiнiң майлылығын азайтады.

Ләззат Ахметова.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика