• қазан 05, 2017

Бозаның пайдасы қандай?

Бозаның пайдасы қандай?

Боза - ежелден келе жатқан сусын түрі. Жалпы Азия елдерінің көбіне таныс бұл сусынды сыраның ежелгі түрі деп түсінетіндер жоқ емес. Египет пен араб елдеріне әлі күнге сол түсінікте пайдаланылады. Ал түрік елінде кеңінен таралған, сүйікті сусындарына айналған. Оларда сусынды жасау жолы да әрқалай (жүгері, тары, сұлы секілді дәндерден дайындайды).

Нағыз түрік бозасының «атасы» ержүрек жауынгер сұлтан Сары Салтық болған деседі.

Ол жайында аңыз бен шежіре көп таралған. Аңыз не десе де, бұл сусын өзін ойлап тапқандардан көп жасап, бүгінгі заманда да көпшіліктің қолданысына ие. Сонымен сусынынның дәмі қандай? Сәл қышқылтым, сыраға жақын дәмі бар. Құрамында аз ғана, 2 ден 6 пайызға дейін алкоголь болады.

Дайындау тәсілі қандай?

Бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастағаннан кейін, қалған тұнбаға белгілі мөлшерде май, су құйып, оттың табына жайлап қайнатып, ботқа жасайды. Оны суытып қойып, дәнді дақылдың бір түрінен (тары, арпа) ашытқы дайындайды. Ол үшін дақылды қажетінше алып, үстіне ыстық ыстық су құйып, 3-4 сағат бөктіреді де, сүзіп алып, жылы жерге жайып қойса, 3-4 күнде дәндері өнеді. Бірден кеуіп кетпес үшін, үстін жауып тастайды. Өнгеннен кейіп, келіге салып жаншиды. Осылайша дайындалған уытты тұнбаға мөлшерлеп салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, жарты тәуліктей ашытып қояды. Содан соң, дайын қоспадан ыдысқа керегінше салып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізеді. Алынған сұйық сусын боза деп аталады.

Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, «қорланған боза» деп те атайды. Жас боза құрамында 4-6 %, ал қорланған бозада 12-15 % спирт болады. Бозаның уытсыз, жай ашытқымен жасалған түрін «мақсым боза» дейді.

Бидай, жүгері, тары осының бәрі де боза жасауға қажетті дақылдар. Ал ең жақсысы, қара тарыдан дайындалғаны екен. Мәселен, бидайды өндіргенде оның дәніндегі пайдалы заттар С, В дәрумені 3 есе, В2 дәрумені – 10, В1 дәрумені – 15 есе көбейетіндігін ғалымдар да дәлелдеген. Бозада өндірілген дақылдардың уытында Е дәрумені өте көп болады. Ол күш-қуатты арттырып, адам ағзасындағы ауруға қарсы тұратын иммунитетті арттырады. Ерте қартаюды тежейтін күші бар.

Ашыту кезінде пайда болатын сүт қанты қышқылы ас қорыту жұмысын жақсартып, емізулі ананың сүтін көбейтеді. Спортпен шұғылданатындар үшін таптырмайтын сусын.

Естеріңізде болсын, егер дайын бөтелкеге құйылған боза алатын болсаңыз, бөтелкені ашқан соң ұзақ сақтамай ішіңіз. Өйткені оның сақтау мерзімі шектеулі.

Гастро-энтерологтардың айтуы бойынша боза қазіргі кезде медицинада да мойындалған сусын. Бозаның қоректік қасиетінің күштілігі сонша, ағзадағы зат алмасуды күшейтіп, қандағы шлактарды айдап шығады. Ал медицинада қандағы қалдықтарды тазалау өте қиын екені белгілі. Қаназдықтың алдын алуда боза таптырмас ем. Буын ауруларына, тұз жиналғанға, ас қорыту мүшелеріне тигізер пайдасы мол. Бозаның құрамында ферменттер көп болғандықтан, залалы мол бактерияларға қарсы әсері бар. Оның құрамындағы аз ғана спирттің өзі ағзаға көп пайдасын тигізеді. Дегенмен кейбір науқастар дәрігердің кеңесінсіз көп тұтынуға болмайды.

Бозаны кез келген жастағы адам іше берсе болады. Бірақ 3 жастан асқан балаларға 5 ас қасықтан артық ішкізуге болмайды. Әсіресе бүйрегі, асқазаны мен бауыры ауыратын адамдар бұл сусынды арнайы дайындатып емге пайдаланса, құба-құп.

Бозаның түбін жеген мал жұқпалы індетпен ауырмайды.

Ұқсас мақалалар

1 Пікір

  1. Сандуғаш

    Бозаның қалай жасалатынын білдім рахмет сіздерге

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика