• қазан 18, 2017

​Кепкен жемістерден жасалатын нәрсу

​Кепкен жемістерден жасалатын нәрсу

Кептірілген жемістерден жасалатын сусын ағзаға өте пайдалы екендігін білетін боларсыз?! Ендеше, неге күн сайын сондай пайдалы сусын жасап ішпеске?!

Кепкен жемістерден жасалатын нәрсу әр дастарханнан табылса құба-құп. Ағзаны қажетті дәрумендермен толықтырады әрі зиянды заттардан арылуға көмегі зор.


Қажетті заттар:

* 200 г мейіз

* 200 г кептірілген өрік

* 1,5 л су

* қант қажетіне қарай


Дайындау тәсілі

1. Кептірілген жемістерді жақсылап жуып, ыдысқа салып, су құясыз да, отқа қойып қайнатасыз.

2. Қатты қайнап шыққан соң, отты жай қойып, қантын саласыз.

3. Жақсылап араластырыңыз.

4. Жай отта 15 минуттай қайнатауы керек.

5. Уақыты болғанда, отты өшіріп, бір-екі сағатқа қалдырасыз.

6. Дастарханға суытылған күйінде қойған дұрыс.

Ас болсын!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика