• қазан 18, 2017

​Қаймақты пирог

​Қаймақты пирог

Барлық азық-түлік дүкендерінен оңай табылатын сүт өнімдерінің бірі – қаймақ. Қаймақты пирог қамырының құрамына қосып әрі одан крем дайындасаңыз болады.


ҚҰРАМЫ:

Қамыр үшiн – 3 стакан ұн, 1 стакан қаймақ (сметана), 3/4 стакан қант, 1/4 шай қасық ас содасы, 1/4 шай қасық тұз.

Салма үшiн – 1 стакан қаймақ, 1/4 стакан қант, ванилин.


Дайындалуы

1. Қаймаққа қант пен тұз қосып жақсылап араластырыңыз.

2. Ұнға ас содасын араластырып алып, қаймаққа қосыңыз. Бiркелкi етiп қозғаңыз.

3. Қамырды теңдей 4-ке бөлiп, дөңгелек етiп әрқайсысын жайыңыз.

4. Табаға май жағып, қамырдың бiреуiн салып, 210 градуста қыздырылған бұқпа пеште пiсiрiп алыңыз. Осылай төртеуiн де жеке-жеке пiсiру керек.

5. Пирог қамырлары пiскенше, кремдi әзiрлеңiз. 1 стакан қаймаққа 70 грамм қант пен ванилин қосып араластырыңыз.

6. Пирог қамырлары пiскен соң салқындатып қойыңыз. Олардың көлемi бiрдей болуы үшiн, шетiнен артық жерлерiн түзулеп кесiңiз. Ал, кесiлген артық пирог бөлiгiн ұнтақтаңыз, оны пирогты көркемдеу үшiн пайдаланасыз.

7. Пирогтың әрқайсысын арасына қаймақты кремдi жағып, бiр-бiрiнiң үстiне орналастырыңыз.

8. Пирогтың жан-жағына және үстiне қаймақ жағып, ұнтақталған пирог үгiтiндiсiн себiңiз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика