• қазан 18, 2017

​Күлшеден жасалған тәтті десерт

​Күлшеден жасалған тәтті десерт

Кәдімгі күлшеден құнарлы, ағзаға өте пайдалы тәтті десерт жасауға болады. Оңай әрі жылдам әзірленеді. Пешке пісірудің де қажеті жоқ.


ҚҰРАМЫ:

- 1 дана қалбырдағы қойыртылған сүт (сгущенка)

- 500 грамм күлше

- 1 стакан қабығынан тазартылған грек жаңғағы

- 100 грамм сары май

- 1/2 стакан күнжіт дәндері


Дайындалуы:

1. Грек жаңғағын және күлшелерді майдалаңыз. Тым ұнтақтаудың қажеті жоқ.

2. Қойыртылған сүтке сары майды салып, отқа бірер минут қойып алыңыз да миксермен немесе қасықпен былғаңыз.

3. Майдаланған күлше мен жаңғақтың үстінен қойылтылған сүт пен сары май араласпасын құйыңыз. Қасықпен араластырыңыз.

4. Жалпақ тарелкаға салып, құмырсқа илеуі пішініне келтіріңіз.

5. Күнжіт дәндерімен көркемдеңіз.

6. Жарты сағат уақыт тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Дастарханға бүтін қалпында немесе бірнеше бөлікке бөліп қоюға болады. Қойыртылған сүтке маймен бірге сұйық бал қосуға да болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика