• қазан 04, 2017

Баланың өтпелі кезеңінде ата-ана нені білуі керек?

Баланың өтпелі кезеңінде ата-ана нені білуі керек?

Жалпы 12 мен 17 жас аралығы өтпелі кезең болып саналады. Алайда бұл кезеңнің шекарасын медициналық, психологиялық және әлеуметтік оқулықтар түрліше бөледі. Өтпелі кезеңді бірі 10-14, 14-18, енді бірі 12-20 жас аралықтарын қамтиды деп жазады. Осы жастарда ағзада физиологиялық және психологиялық өзөгерістер орын алады.

Жыныстық жетілу де өтпелі кезеңнен басталады, бойы өседі. Балалық шақтан бойжету және ержету шағына өтер кезде баланың араласу ортасы да кеңейе түседі. Жеке қызығушылықтары, еліктеушілігі артады. Сондықтан, ата-ана ұл-қызының өтпелі кезеңнен өтуіне көмектесуі керек. Жақсы адамдарға, жақсы нәрселерге еліктеуіне бағыт беру керек.

Бұл кезеңде олар үшін кез-келген жағдай күрделіленіп көрінеді. Сонымен қатар, жасөспірім өзінің жеке «мені» пайда болды деп. Айналасына ер лік жасағысы ке леді немесе романтикалық қандайда бір сезімді бастан кешуді қалайды, ерекше болуға ұмтылады. Әйтеуір нені қалайтынын өзі де білей, жан-жағына алақтап тұрады. Тез ренжиді және тұйықтала түседі. Мұндай кезеңде оларға барынша жұмсақ болу қажет әрі бақылаудан шығарып алмау керек.

Қыз балалардың ағзасында өзгеріс болып айлық белгісі, (етеккір) ке леді. Бұның да мінез-құлыққа әсері бар. Осындай сәтте ана қыз баланың жанына неғұрлым нәзік болғаны жөн. Етеккірдің кез-келген бойжеткен қызға келетінін, мұндай жағдайда ұсталатын гигиеналық тазалықты үйрету қажет. Жіберген кішкене қателікке бола айғайлап ұрыса беру он бұқтырып, ынжықтыққа алып барады. Психологиялық өзге де кері әсерлерге тап болмауы үшін әрбір ана қызымен сырласып, мейлінше жұмсақтау болғаны дұрыс. Ұл балалар да бойындағы өзгеріс пен бас көтерген жаңа сезімін түсіне алмауы мүмкін. Балалардың көпшілігі осы кезеңде әкесінен немесе ағаларынан түсіністік пен қолпаштау болмағандықтан жеңілдікті ішімдіктен, темекіден іздейді. Айнаға арап, шашын қайырып, бойын түзеген бозбала мен бойжеткен өз бойынан кемшілік байқаса да түңіліп ешкіммен араласпай, оқшаулана бастайды. Тіпті, теріснде пайда болған бөртпелерден қалай құтыламын демен-ақ өзін шаршатып, уайымға салынады. Міне, осындай аумалы уақытта онымен сырласып, қалауымен ұғынысқан дұрыс.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика