• қазан 05, 2017

​Қыз баланың денсаулығына мән беріп жүрсіз бе?

​Қыз баланың денсаулығына мән беріп жүрсіз бе?

Қыз баланың денсаулығына не әсер етеді?

Ең бірінші тәуелділік факторы- жасөспірім немесе бала жаста спортпен тым қарқынды айналысу. Ол қыз баланың бұлшықеттерінің ерте шынығуын, стереоидты гормондарды бөлетін бүйрекүсті бездері қабатының қозуына және еркектік гормондардың ағзада артып кетуіне апарады. Бұл қыз баланың жыныстық дамуын тежеп немесе бұрмалануына апарып соғады. Одан барып, сыртқы жыныстық мүшелердің дамымай қалуы, етеккір циклінің бұзылуы мен тіпті бедеулікке ұласуы әбден мүмкін.

Сондықтан да, қыз баланы спортпен шұғылдандырғанда оның әйел адамға тән түрлерін таңдаудың маңызы зор. Онда да жаттығуы мен айналысуы жеткілікті дәрежеден асып кетпеуі тиіс. Сіз үшін олимпиадалық медальдар маңызды ма әлде қызыңыздың денсаулығы мен толыққанды отбасы болып, болашақ ана бола алуы ма?

Сәнге еру… керек пе?

Киім жағына келгенде 10-12 жастан бастап қыз бала сән қуа бастайды. Оның жасында бәрі қызық, бәрі әдемі. Денеге жабысып тұратын джинсы шалбар, қысқа белдемше, қыстық қысқа күртеше. Материалы неден екені белгісіз іш киімнің түрлері қаншама?

Қысқа күрте демекші, белсенді қозғалатын жасында бүйрек маңын толықтиай сыртқы суықтан қорғамайтын киімнің бұл түрі қыз баланың жыныстық ауруларға оған қосыша ішкі мүшелерінің ауруына апарып соғатынан мән берген жөн.

Қыз баланың денсаулығына отбасындағы және ортасындағы ұрыс-керістің де әсері көп. Ұзақ уақыт бойы уайымға салыну, психологиялық тұрғыда жабырқаулы күйде ұзақ уақыт бойына жүру қыз баланың бүкіл ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан, анасы міндетті түрде қызының өміріне, араласатын ортасын, құрбы-құрдастарына қызығушылық танытып, ол жайында әңгімелесіп отыруы керек.

Егер қызыңыздың бойынан қандай да бір өзгерісті, ерекшелікті байқасаңыз, ол туралы сұрап біліп, арнайы маман көмегіне жүгінуіңізге болады. Ара-қатынасыңыз бен қызыңыздың достарымен қарым-қатынасын, жалпы отбасымен қарым-қатынасты дұрыстауға күш салу керек.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика