• қазан 04, 2017

Өтпелі кезеңнің бір мәселесі - безеу

Өтпелі кезеңнің бір мәселесі - безеу

Безеу көбінесе өтпелі кезеңде пайда болып жатады. Ол уақыттан өтерде өздігінен жоғалады. Кейбір қыз-жігіттерге шықпайды да, ал кейбіреулерінде керісінше 23-27 жасқа келгенше бетінде жүреді. Мұны медицинада қан арқылы беріледі деп те жатады. Сондықтан, безеудің уақыт өте ірі-ірі қызыл бөртпелерге айналып бара жатқанында кейбіреулер қан құрамын жаңарту, ауыстыру арқылы құтылып жатады. Бұл арнайы дәрігерлердің көмегімен орындалады. Сонымен қатар, теріңіз майлы болса, мұндай бетте безеу ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан, мұндай бетке ерекше кутім керек.

Түрлі бактериялардан сақтану үшін бетті күніне екі рет таза лап тұру қажет. Таңертең және кешкісін бетті жуғаннан кейін сүтке малынғане мақтамен сүрткен дұрыс. Жылы сумен шайып таста, лосьонмен болмаса кәдімгі шәйдің қалдығымен сүртіп отыруды әдетке айналдырған жақсы.

Дәріханалық түймедақ, қалақай, қырмызы гүлдерінің жапырақтарын бірдей мөлшерде алып, ыстық суға 2 шәй қасық қырмызы гүлдің тұнбасы 2 шәй қасық бал қосып, сол сумен күнде таңертең және кешке бет терісін сүрту қажет.

Майлы бетке екі күнде бір рет мынадай маска жасап тұруға болады. Сүзбе, піспеген сүт, зәйтүн майын және сәбіз шырынының әрқайсысын 1 шәй қасықтан алып араластырып, маска жасаңыз. Және майлы тағамдарға да шектеу қойған дұрыс.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика