• қазан 05, 2017

​Жасөспірім шақтағы күйзеліске себеп көп

​Жасөспірім шақтағы күйзеліске себеп көп

Сондықтан, әрбір жасөспірім өзін сабырлы ұстауға, көңіліне ауыр тиген жағдайларды мүмкіндігінше жылдам ұмытуға күш салғаны дұрыс.

Әрине, мұндай кезеңде, әсіресе мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы отырған жасөспірім оқушылар үшін кейде күйзелістен тез арада шығу оңай болмай жатады. Сондықтан, аз да болса, ойдың түбіне түсіп, уайымдамау үшін кейде төмендегі кеңестер де артықтық етпейді.

Мектеп қабырғасынан ұшуға дайындалып жүрген шақта арман мен күдік қатарласып келіп оқушыны күйзеліске салатыны белгілі. Өмірдегі ең қиын әрі жауапты кезең –мамандық таңдау және жар таңдау сәті. Қазір сен «оқуға түсе аламын ба? Жоғары ұпай синап ата-анамның үмітін ақтай аламын ба?» деген сұрақтармен арпалысып жүрсің. Бірақ, оқушының дәл осындай күйін ата-ана да, мұғалім де ескере бермейді. Сондықтан, өмір қызықсыз болып көрінеді күйзелісте жүрген жан үшін. Қазір жас мұғалімдердің кейбірі оқушымен қалай жұмыс істеу керектігін, әдіс-тәсілі мен психологиясын біле бермейді. Сонымен қатар, өз мамандығын жетік білетін маманның да аз екені өтірік емес. Оқушылар пән мұғалімінен тиісті деңгейде білім ала алмағандықтан, олар арнайы курстарды жағалайды.

Ал, мұғалімнің ойланбай айтқан сөзі мен көзқарасына бола өзіңді төмендетуің дұрыс емес. Сенің болашағың ол мұғаліммен байланысты емес. Және оның сөзі сенің болашағыңды өзгерте алмайды. Мектепті бітіргеннен кейін он тіпті ұзақ уақыт тіпті мүлдем көрмеуің де мүмкін. Сол үшін әр мұғалімнің сөзін жүрегіңде сақтап, қайта-қайта есіңе ала беруге болмайды. Ол да пенде, ол да қателеседі. Оның да жанұясы, түрлі проблемалары бар адам шығар. Мүмкін, сен мұғаліміңнің біреуге ашуланып тұрған сәтіне дөп келген шығарсың. Бірақ, мұғаліміңе ерегісіп, ол сабаққа қатыспай қоюға да болмайды. Оның саған пайдасы жоқ екенін ұқ.

Кешірімді бол. Ренішіңді сол сәтте тез ұмытуға тырыс. Ренішті сақтаудың денсаулығыңа да кері әсер ететінін білетін боларсың? Ішкі сырыңды жақын құрбың болмаса, анаңмен бөліс. Олай ету қолыңнан келмесе күнделік арнап, барлық сырыңды ақ параққа ақтарсаң, ауыр ойлардан арылып, жеңілдеп қаласың. Өзгеру өз қолыңда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Яндекс.Метрика